МиГ-29 әскери ұшағының құлауына адами фактор әсер етуі мүмкіндігі жорамалдар санатынан шығарылды - ақпарат көзі - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
МиГ-29 әскери ұшағының құлауына адами фактор әсер етуі мүмкіндігі жорамалдар санатынан шығарылды - ақпарат көзі

МиГ-29 әскери ұшағының құлауына адами фактор әсер етуі мүмкіндігі жорамалдар санатынан шығарылды - ақпарат көзі

Астана. 15 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - МиГ-29 әскери ұшағының құлауына адами фактор әсер етуі мүмкіндігі жорамалдар санатынан шығарылды. Бұл туралы агенттік тілшісіне ҚР Қорғаныс министрлігіндегі ақпарат көзі хабарлады.

  • 15 Ақпан 2008
  • 545
Фото - Caravan.kz

«МиГ-29 ұшағының құлау себептерін анықтау жөніндегі комиссияның түпкілікті жұмыс қорытындысы 20 күннен кейін белгілі болады. Бірақ әскери ұшақтың құлауына адами фактор әсер етуі мүмкіндігі, яғни ұшқыштар қателескен болуы мүмкін деген жорамал барлық жорамалдар санатынан қазірден-ақ шығарылды», — деді ол.

Оның айтуынша, Қорғаныс министрлігінің басшылығы майор Александр Ковязин мен ұшқыш-жаттықтырушы, подполковник Виталий Дильмухамедовты мемлекеттік сыйлықтарға ұсынуға шешім қабылдап отыр, өйткені, «олар ертерек катапультпен секіріп кетуге мүмкіндіктері болғанымен, ұшақты сақтап қалуға талпыныс жасап, ақырын күткен».

Сонымен бірге, комиссия Қазақстан ұшағына Украинаның авиазаутында сапасыз жөндеу жұмыстарын жүргізу себебін де қарастыруда. «Мұндай үлгідегі ұшақтар үшін пилоттық жүйенің істен шығуы, қозғалтқыштардың істен шығуы өте сирек кездесетін ақау. Бұл ұшақтар жөндеуден өткен, соған қарамастан, олардың агрегаттары істен шығып отыр», -деді ақпарат көзі.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 12 ақпанда «Жетіген» әуежайына қона бере 11 сағат 17 минутта ҚР Қорғаныс министрлігі әскери — әуе күштерінің МиГ-29 УБ ұшағы апатқа ұшырады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті