”Міндетті түрде қылмыстық жауапкершілікке тартамыз”: Қаржылық мониторинг агенттігі Бишімбаевтың отбасының активтеріне қатысты жауап берді - kaz.caravan.kz
  • $ 450.79
  • 482.21
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
”Міндетті түрде қылмыстық жауапкершілікке тартамыз”: Қаржылық мониторинг агенттігі Бишімбаевтың отбасының активтеріне қатысты жауап берді

”Міндетті түрде қылмыстық жауапкершілікке тартамыз”: Қаржылық мониторинг агенттігі Бишімбаевтың отбасының активтеріне қатысты жауап берді

Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов Бишімбаевтар отбасының активтеріне қатысты пікір білдірді.

  • 22 Мамыр
  • 13
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Massaget.kz-кк сілтеме жасап хабарлайды.

Мәжіліс кулуарында агенттік сотталған Қуандық Бишімбаевтың отбасының активтерін тексеру туралы петицияға қаншалық назар аударатыны сұралды. 

«Жарайды, міндетті түрде назар аударамыз. (…) Петицияның нәтижелерін күтіп, бір жағынан бұл мәселені қарастырамыз. Бұған міндетті түрде назар аударамыз. Уайымдамаңыздар, сіздерге міндетті түрде хабарлаймыз», — деді агенттік өкілі.

Оның айтуынша, бүгінгі таңда ҚМА Бишімбаевтар отбасына қатысты істерді тергеп жатқан жоқ.

«Бізде тіркелген қылмыстық істер жоқ. Бірақ заңсыз сатып алынған қылмыстық кірістер бойынша тексерістерді тұрақты жүргіземіз. Бұл жұмыстар бізде, егер қылмыстық жолмен алынған және заңдастырылған қандай да бір заңсыз кірістер шықса, біз оларды міндетті түрде қылмыстық жауапкершілікке тартамыз», — деді Елемесов.

Еске салайық, бұған дейін «Бишімбаевтың және оның отбасының мүлкі тәркіленсін»деген петиция жарияланған еді.



Соңғы жаңалықтар