Жарияланды: 30

Министр алдағы бес жылда фармацевтика саласы қалай өзгеретінін айтты

Министр алдағы бес жылда фармацевтика саласы қалай өзгеретінін айтты

Атамқұловтың айтуынша, бүгінде 33 фармацевтикалық кәсіпорын дәрілік заттардың 922 түрлі өнімін шығарады.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов 2020-2025 жылдарға арналған кешенді жоспар аясында фармацевтика саласында қандай жобалар іске асатынын айтты.

2020-2025 жылдарға арналған фармацевтика және медицина өнеркәсібін дамыту жөніндегі кешенді жоспар аясында бірқатар шаралар жүзеге асады. Соның ішінде дәрі-дәрмектің жаңа түрлерін шығаратын 10 кәсіпорын да бар.

"Жалпы сомасы 100 миллион долларға дәрі-дәрмектің 80 жаңа түрін шығаратын кемінде 10 өндірісті іске қосу жоспарланып отыр. Нәтижесінде 1 000 жаңа жұмыс орны ашылады", - деді министр үкімет отырысында.

Сонымен қатар, дәрі-дәрмектің экспорт көлемін екі есеге немесе 116 миллион долларға дейін арттыру көзделген.

Медициналық бетперделер шығаратын кәсіпорындардың қуаттылығы тәулігіне 1 миллионнан 2 миллион данаға дейін жеткізіледі.

2021 жылдың бірінші тоқсанына қарай қорғаныш костюмдерінің өндіріс қуаты 500 мыңнан 1 миллион данаға дейін ұлғаяды.

Атамқұловтың айтуынша, бүгінде 33 фармацевтикалық кәсіпорын дәрілік заттардың 922 түрлі өнімін шығарады. Фармацевтика өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 34,1%-ке өсті.

Індет басталғалы жеке қорғаныш құралдарын шығару көлемі 10 жаңа жобаны іске қосу есебінен 10 есеге артқан.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін