Жарияланды: 530

Министр Е. Қазыханов Ұлыбритания үкіметінің мүшесі, баронесса С. Варси ханыммен кездесті

Бүгін ҚР Сыртқы істер министрі Ержан Қазыханов ИКҰ СІМ кеңесіне қатысу үшін Қазақстанға келген Британ делегациясының басшысы, Ұлыбритания Үкіметінің портфелсіз министрі, Консерваторлар партиясының әкімшілік төрағасы, Баронесса Саида Варсиді қабылдады.

С. Варси Қазақстан жеріне алғаш рет ресми сапармен келіп отыр. Оның атап көрсеткеніндей, сапардың басты мақсаты - жақын күндері Астанада өтетін Ислам конференциясы ұйымына мүше мемлекеттердің Сыртқы істер министрлері кеңесіне бақылаушы мәртебесінде қатысу болып табылады. Қазақстанға жасаған тарихи сапарын тағы бір атап өткен Баронесса С. Варси, министр Е. Қазыхановпен болған кездесуінде екі елдің саяси және экономикалық маңызы зор стратегиялық салалардағы ынтымақтастығы пысықталғандығына аз-кем тоқталды. «Ұлыбритания мен Қазақстан өте тығыз да достық қарым-қатынас орнатқан. Кездесу барысында біз аталған терең серіктестік негізінде құрылған инвестициялық ықпалдастығымызды одан әрі дамыту жайын талқыладық», - деді С. Варси.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін