Министр пойыз билетін арзандату жөнінде: Ол мәселені талқылаған жоқпыз
![]() |
Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына жауап берген Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев пойыз және автобус билеттерінің бағасын арзандатуға қатысты пікір білдірді. |
Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.
«Жазда ата-аналар балаларымен бірге сапарлап қыдыруы үшін автобустар мен пойыздардағы билет бағасын арзандатуды жоспарлап отырсыздар ма?», - деп сұрады БАҚ өкілі.
Министр бұл мәселені талқылауға дайын екенін айтып, қысқа жауап қатты.
«Ондай мәселені талқылаған жоқпыз. Талқылап жатсақ, қосымша айтып беремін», - деді Марат Қарабаев.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін