Жарияланды: 20

Министр: Қазақстанда самокаттармен тас жолда жүруге тыйым салынады

Министр: Қазақстанда самокаттармен тас жолда жүруге тыйым салынады

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев электросамокаттармен тас жолдарда жүруге рұқсат жоқ екенін айтты, деп хабарлайды  Caravan.kz  порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Министр электросамокаттар ішкі істер министрлігі үшін қиындық тудырып жатқанын айтты. Электросамокаттармен жол бойында жүруге рұқсат етілмеген және бұл мәселе алдағы уақытта қарастырылмайды.

"Бүгінде сағатына 80 шақырымға дейінгі жылдамдықпен жүретін электросамокаттар бар. Бірақ қолданыстағы заңнамаға сәйкес, олар жол қозғалысына қатысушы көлік қатарына жатпайды. Яғни, жол қозғалысы туралы заңда ондай көлік енгізілмеген. Электросамокаттардың заңда көлік қатарына енгізілмеуінің бірнеше себебі бар. Біріншіден, бұл техникалық құралғының сертификаты жоқ, екіншіден, олар көлік құралына қойылатын талаптарға, яғни дөңгелектің диаметріне, тежеу ​​жүйесіне, бүйір шамдардың, артқы көрінетін айналар мен қауіпсіздік жүйелерінің болмауына байланысты, қауіпсіздік талаптарына сай келмейді. Электросамокаттармен тас жолдарда жүруге қатаң тыйым салынады”, – дейді Тұрғымбаев.

Оның айтуынша, велотректер мен тротуарлар бойымен электросамокаттарды жүргізу туралы мәселе қарастырылуда.

"Себебі бірқатар электросамокаттарының жылдамдығы сағатына 20 шақырымнан асады. Бұл мәселе елімізде ретке қойылмаған. Қазіргі уақытта барлық мүдделі мемлекеттік органдардың қызметкерлерінен жұмыс тобы құрылды. Менің ойымша, осы топтың шешімі бойынша қолданыстағы заңнамаға өзгерістер енгізіледі", - деді ішкі істер министрі.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін