Оның айтуынша, еліміздегі 8 су бассейнінің жетеуі өзге елдерден келеді. Соған байланысты Қазақстан көрші Қытай, Өзбекстан, Қырғызстан және Ресейдің су саясатына тәуелді.
Қытаймен арада транс шекаралық суды бөлу жөнінде келісім болмаған. Бұл бағытта біз 2015 жылдан бері жұмыс істеп келеміз, келіссөздер оңай емес. Дегенмен, Қытай су бөлу жөнінде ешбір елмен келіссөз жүргізбеген, Қазақстан су мәселесі бойынша келіссөз жүргізіп жатқан алғашқы ел. Біз транс шекаралық өзендердің эко жүйесін сақтауды талап еттік. Жүргізілген қарқынды жұмыстардың арқасында 2019 жылы оған қол жеткіздік,-дейді министр.
Сонымен қатар ол Шу мен Талас өзендері бойынша Қырғызстанмен 1983 жылдан бері әріптестік орнатылғанын айта келе, оны нығайта түсу үшін қандай шаралар іске асып жатқанын жеткізді.
Сондай-ақ 2000 жылы үкіметаралық жиында Шу мен Талас өзендері пайдалану жөнінде келісім бар. Бұл келісім бойынша Қазақстан өз міндетін толықтай атқарып отыр. Соған қарамастан мемлекеттік су арналары арқылы су беру кестесі үнемі сақтала бермейді. Су беру кестесінің бұзылу себептері комиссия аралық жиында қаралады және тараптар мониторинг жүргізі арқылы оның алдын алып жатыр,-деді Мырзағалиев.
Ал, Ресеймен арадағы су мәселесі 2010 жылы қабылданған келісім бойынша қаралады екен. Соңғы кездері Жайық өзеніндегі су деңгейі төмендеп кеткен. Соған байланысты 2020 жылы екі ел арасында арнайы бағдарлама да қабылданыпты.