Министр: Ұстаздар мен тәрбиешілерге жалақы төлеу жүйесі өзгереді - kaz.caravan.kz
  • $ 448.81
  • 476.82
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Министр: Ұстаздар мен тәрбиешілерге жалақы төлеу жүйесі өзгереді

Министр: Ұстаздар мен тәрбиешілерге жалақы төлеу жүйесі өзгереді

Бұл туралы Sputnik хабарлайды.

Халықпен өткен есептік кездесуде балабақша меңгерушісі Айсұлу Шаймерденова Ерлан Сағадиевке тәрбиешілердің еңбекақысы аз екенін айтып, министрден жалақыны өсіру көзделген бе ?

  • 1 Маусым 2017
  • 1727
Фото - Caravan.kz

Халықпен өткен есептік кездесуде балабақша меңгерушісі Айсұлу Шаймерденова Ерлан Сағадиевке тәрбиешілердің еңбекақысы аз екенін айтып, министрден жалақыны өсіру көзделген бе деп сұрады.

“Балабақша тәрбиешілері мен көмекшілерінің базалық жалақысын өсіру көзделген бе? Бүгінгі күні еңбек жолын жаңа бастаған тәрбиешінің жалақысы 40 мың теңге шамасында. Ал тәрбиешінің көмекшісі 30 мың теңге алады”, — деді Көкшетау қаласы “Арман” балабақшасының меңгерушісі.  Өз кезегінде министр еңбекақы төлеу жүйесіне өзгерістер енгізу жоспарланып отырғанын жеткізді.

“Жақсы сұрақ. Педагогикалық стандарт аясында біз еңбекақы төлеу жүйесін өзгертуге тырысып жатырмыз. Тәрбиешілер, мұғалімдер, меңгерушілер, сынып жетекшілері – барлық педагогтарға еңбекақы төлеу жүйесін өзгерту үшін барлық өзгерістерді бір пакет нормативтік құжаттарға енгізбекшіміз. Мектеп, колледж директорлары бізден еңбекақы төлеу жүйесін өзгертуді сұрап отыр”, — деді ол.  Кездесуге келген үш баланың анасы да жалақы мәселесін көтерді.


“Мектепте техникалық қызметші болып жұмыс істеймін. Қосымша жұмыс істеуге тура келеді. Сондықтан бала-шағаға көңіл бөле алмай жатамыз. Техперсоналдың жалақысын көтеруге қалай қарайсыз? Министрлердің, депутаттардың жалақысы көтеріліп жатқанда, неге біздің айлығымыз аз. Шынын айтқанда, 30-40 мыңға біз күн көре алмаймыз”, — деді әйел кісі.

“Өте маңызды сұрақ. Қазір еңбекақы төлеу жүйесін өзгерту бойынша жобамыз бар. Жазда ол талқылауға түседі. Сонда техперсонал, қосымша музыкадан сабақ беретін, сосын колледж, дене шынықтыру мұғалімдері бар — бәрі қамтылады. Бәрін ретке келтіріп, шешуге тырысатын боламыз”, — деп жауап берді Сағадиев.

Соңғы жаңалықтар