Министрлер депутаттардың аты-жөнін жаттауға кірісті - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Министрлер депутаттардың аты-жөнін жаттауға  кірісті

Министрлер депутаттардың аты-жөнін жаттауға кірісті

«Бәке», «Мәке» мәселесі тағы көтерілді. Мәжіліс төрағасының  қазақы қаратпа сөзді төменгі палатада қолдануға тыйым салуы қоғамда  біраз шу тудырған еді. Бірақ спикер алған бетінен қайтар емес. Бүгін Көкшетауда студентермен кездескен Нығматуллин осыны шегелеп айтты.

  • 7 Желтоқсан 2013
  • 709
Фото - Caravan.kz

Нұрлан Нығматулин, Мәжіліс төрағасы:

Әрине, ата-бабамыздан келе жатқан дәстүріміз бойынша үлкен адамдарға, туған-туысқандарға, жақын жолдастарға «Әбеке» немесе «Сәке» ден сыйлап сөйлеген өте орынды. Мен өзім де солай жиі сөйлеймін. Бірақ, Парламент сияқты ресми органдарда ресми сөйлеу мәдениетін сақтау керек деп ойлаймын. Ол үшін аты-жөнін айта ма, әлде, фамилиясын айта ма, не болмаса, депутат дей ме, еркі өзінде. Меніңше, солай болу керек.

Нұрлан Нығматулин жуырда еліміздің бас экономисті Ерболат Досаевқа депутаттарды «Мәке», «Бәке» деп атауға тыйым салып қатаң ескерту жасаған еді. Енді барлық министр Мәжілістегі 107 депутаттың аты-жөнін жаттауға мәжбүр. Қаратпа сөз 20 жылдан бері Парламент қабырғасында айтылып келген. Бірақ Нығматуллинге ақыры жақпады. Оның ойынша, бұл қазақтың дастархан басында айтатың әңгімесі екен.