«Бүгінгі таңда үкімет отырыстарында қаралатын қандай да бір мәліметтерден сіздерді қалай да шектеп отырған жоқпыз деп есептеймін. Керісінше, біз үкімет отырысына қатар көрші бөлмеде отырып алған мәліметтеріңізге қарағанда, бетпе бет жүздесу барысында көбірек ақпарат береміз», — деп үкімет басшысының бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен қысқаша баспасөз мәслихатында атап көрсетті.
Журналистерде үкімет басшысы Кәрім Мәсімовтың пікірін тыңдау мүмкіндігі жоқ деген пікірге Б.Сағынтаев: «Егер сіздер үшін бастысы – Кәрім Мәсімовтың реакциясы болса, онда ол басқа мәселе», деп жауап берді.
Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев мәлімдегендей, үкімет мүшелері ақпарат құралдарымен байланыс жүргізуге қашан да дайын екенін мәлімдеді. «Бүгінгі таңда жұмыс режімі айтарлықтай қарқынды, пысықтауды қажет ететін жобалар көп, сіздерге дайын шешімдермен келеміз.Бүкіл әлемде қысқаша мәслихаттардың өркениетті түрлері көп, сұрақтар қоюға байланысты қалған форматтарда біз ашық екенімізді білесіздер», — дейді ол.