Министрлер теңгенің құнсызданғанын жұртпен бірдей естіген - kaz.caravan.kz
  • $ 471.04
  • 538.54
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Министрлер теңгенің құнсызданғанын жұртпен бірдей  естіген

Министрлер теңгенің құнсызданғанын жұртпен бірдей естіген

Девальвацияға қатысты бүгін Үкіметте  шұғыл жиын өтті. Шенеуніктер  халықты дүрбелеңге еріп абыржымауға шақырып отыр. Қаржы мен экономика министрлері тіпті теңгенің құнсызданғанын бүгін жұртпен бірге «естідік» деп таңқалдырды. Дегенмен Үкімет бағанының өсуіне жол бермек емес. Ал мұны елемегендердің лицензиясын жаппай тартып алмақ. 

  • 12 Ақпан 2014
  • 295
Фото - Caravan.kz

Теңгенің күтпеген жерден құнсыздануына  байланысты осыдан бірер сағат бұрын Үкіметте шұғыл кеңес өтті. Министрлер кабинетін түгел жинаған премьер облыс әкімдеріне азық түлік бағасының шектен тыс қымбаттап кетпеуін тапсырды. Әсіресе, ұн мен нанның.

Серік Ахметов, ҚР премьер-министрі:

Әкімдерге айтарым  халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіңдер. Шұғыл жұмыс топтарын құрып дүкендердегі, базарлардағы, сауда орындарындағы бағаға ұдайы моноторинг жүргізіп отырыңдар. Құнды  негізссіз өсіргендерге   тиісті шара қолдану керек.

Облыс әкімдері жағдайдың тұрақты, бақылауда екенін айтып сендіріп бақты. Отырыста жанармай құю стансалары құнды негізссіз шарықтатса лицензиясының  кері қайтарылатыны қатаң ескертілді.

Ұзақбай Қарабалин, ҚР Мұнай және газ министрі:

-Олардың лицензия, басқа рұқсаттары алынады. Жұмыс жасауын олар тоқтатады. Сосын жаңағы премьердің айтқаны, жанармайдың бағасын, бірден көтермеу керек деген сөз.

Бірақ бағаны ұстап тұру қиын. Оның 1,5 айға жетерлік қоры таусылған соң  тапшылық туындауы мүмкін. Бір айта кетерлегі теңге құнсызданып жатса да, Есілдің сол жағалауындағы шенеуніктердің баяндамасы оптимизмге толы. Олар құлдыраудың экономикаға пайдасы бар деп отыр.


Бақыт Сұлтанов, ҚР Қаржы министрі:

-Біріншіден біздің бағалауымыз бойынша осы 20 пайыздық құнсыздану жалпы ішкі өнімнің өсуіне оң әсерін тигізеді. Өйткені, біздің экспортқа жіберетін тауар өндірушілердің экспорттық  түсімдері көбейтетін болады. Мұның бюджетке де, түсімдері көтерілетін болады.

Айтуларынша, халыққа доллар "өсті" деп даурығудың жөні жоқ екен. Тіпті  девальвация туралы экономика министрінің  өзі жұрт бірдей естіген. 

Ерболат Досаев, ҚР экономика және бюджетті жоспарлау министрі:

-Бәрінің 75 пайыз жиналған ақшалары теңгеде. Оның ішінде компаниялар теңгемен ұстаган. Біз бүгін өзгерістерді бөлмейміз.Байлар қанша жоғалтты, кейдер қанша  деп. Алдымызға қойған мақсаттар бар, бар жұмысты өткіземіз.

Осылайша, атқамінерлер халықты барынша сабырға шақырып әлек. Осыдан бес жыл бұрын теңге девальвацияға ұшырағанда, жағдайдың  ушығып кетпеуіне жол бермедік. Тәжірбиеміз бар деген министрлер кабинеті қаржы нарығындағы өзгерісті қалыпты жағдайға балап отыр.