Министрлік балалар дәрі-дәрмек қабылдағаннан кейін қайтыс болды деп әлеуметтік желілерде тарап кеткен мәліметті жоққа шығарды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Министрлік балалар дәрі-дәрмек қабылдағаннан кейін қайтыс болды деп әлеуметтік желілерде тарап кеткен мәліметті жоққа шығарды

 Денсаулық сақтау министрлігі республиканың құқық қорғау органдарына дәрі-дәрмек қабылдаудың соңы өлімге әкелетіні туралы әлеуметтік желілерде жалған мәліметтің таратылуына жол бермеу туралы өтініш жасады.
Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі таратқан бүгінгі хабарламада «дәрі-дәрмек қабылдағаннан кейін аллергия пайда болып, өлімге соқтырды деп 2015 жылдың 25 ақпанынан бастап WhatsApp әлеуметтік желісінде тараған мәлімет жалған болып табылатыны айтылған.
Баспасөз қызметі атап көрсеткендей, министрлік дәрі-дәрмектердің кері әсеріне қатысты үнемі мониторинг жүргізіп отырады.
2015 жылдың 27 ақпанына шаққандағы жедел мәлімет бойынша, (амоксициллин, капесула, ибупрофен (суспензия), ацклофенак, ангисепт, сумамед, ингалипт, инфлюцид, детский панадол и санасол) дәрі-дәрмектері аллергия туғызып, балалардың өліміне әкелді деген мәлімет түскен жоқ.
Осыған байланысты Денсаулық сақтау министрлігі ІІМ, Бас прокуратура және Ұлттық қауіпсіздік комитетіне жалған мәлімет таратудың жолын кесу үшін шаралар қабылдауды сұрап хат жолдады.

  • 27 Ақпан 2015
  • 977
Фото - Caravan.kz