Министрлік дизель отыны тапшылығына қатысты пікір білдірді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Министрлік дизель отыны тапшылығына қатысты пікір білдірді

Министрлік дизель отыны тапшылығына қатысты пікір білдірді

Энергетика министрлігі дизель отыны тапшылығына қатысты пікір білдірді.

  • 16 Тамыз 2022
  • 9
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомство мәліметінше, транзиттік көлік пен шекара периметрі бойынша дизель отынына сараланған баға белгілеуді көздейтін бұйрық жобасы әзірленді.

"Бұйрық жобасына сәйкес:

▪️ Жүргізуші куәлігі болған жағдайда күніне лимит 100 литр дизель отыны үшін қазіргі бағамен 1 литріне 230-260 теңге, сондай-ақ жүк көлігі үшін, егер жүргізуші куәлігі және көлік құралының Қазақстанда тіркелгенін растайтын тіркеу куәлігі мен құжаттары бар болса, тәуліктік лимит 300 литр болады.

▪️ Басқаларға көрсетілген көлемдерден артық дизель отыны үшін 1 литрі 450 теңгеден сатылады.

Бұйрық жобасы 18 тамызға дейін Ашық нормативтік-құқықтық актілер сайтына онлайн талқылау үшін орналастырылды", — делінген хабарламада.

Дизель отынына деген сұраныстың қалыптасу мәселесін шешу үшін барлық ресурс, бірінші кезекте, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге және автожанармай құю станцияларына бөлінеді. Екінші кезекте, қалған жанар-жағармай өнеркәсіптік кәсіпорындар мен Қазақстан темір жолына бөлініп, жетпеген жағдайда қажетті көлем импортталады.


"Күзгі дала жұмыстарын жүргізу үшін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге белгіленген баға 1 тоннаға 222 мың теңгені (литріне 184 теңге) құрайды. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін барлық жоспарланған көлем толық орындалады", — деп түйіндеді
Б. Ақшолақов.

Соңғы жаңалықтар