Жарияланды: 500

Минскіде Ирак Республикасының елшілігі ашылады

Ирактың сыртқы істер министрінің орынбасары Аббауи Лябид Мажид Әзиз бастаған ирак делегациясы Минскіде жұмыс сапарымен жүр,

деп хабарлады Беларусь Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен. Сапар аясында беларусь-ирак СІМ аралық консультациялары өтіп, онда саяси саладағы қарым-қатынастарды кеңейтудің жолдары және сауда-экономикалық ынтымақтастықты жандандыруға жағдай жасау мәселелері талқыланады. Тараптар сондай-ақ араб елдеріндегі, Таяу Шығыс және Орталық Шығыс, Солтүстік Африка мемлекеттеріндегі жағдайларды, басқа да өзекті халықаралық проблемаларды талқыламақ. Ирак делегациясының сапарының аясында Ирак Республикасының Минскідегі елшілігінің салтанатты ашылу рәсімі жоспарланып отыр.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін