Мишель Обама семіздікке қарсы акция аясында сериалға түсті - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мишель Обама семіздікке қарсы акция аясында сериалға түсті

Мишель Обама семіздікке қарсы акция аясында сериалға түсті

АҚШ-тың бірінші ханымы Мишель Обама «Саябақтар мен демалыс орындары» телесериалының финалдық эпизодтарының біріне түсті.

  • 28 Ақпан 2014
  • 287
Фото - Caravan.kz

Ол экраннан осы жылдың 24 сәуірінде көрсетіледі, деп хабарлады сериалдың түсірілім тобы. Аталған ақпаратты сонымен бірге Мшель Обаманың өкілдері де растады, деп хабарлады Associated Press .

Ойдан шығарылған Пауни қаласындағы саябақтар мен демалыс орындары департаментінің жұмысына арналған телесериалды дайындағандар президенттің зайыбы сериалға түскеннен кейін өздерінің Twiter-дегі желісінде «Пауниде семіздікке қарсы күресті қолға алу керек» деп жазған. Бұл американдықтар арасындағы семіздік және артық салмақпен күрес бойынша Мишель Обама өткізіп жатқан «Қозғалатын кез келді» әлеуметтік шараға сілтеме іспеттес. Телесериалдағы басты рөлді сомдаған Эми Поулер осыдан бұрынырақ Мишель Обамамен бірге аталмыш науқанның акцияларының біріне қатысқан болатын.

АҚШ-тың бірінші ханымына дейін «Саябақтар мен демалыс орындары» сериалына елдің вице-президенті Джо Байден түскен болатын. Оның қатысуымен өткен эпизод 2012 жылы көрсетілді.