«Мисс ТМД-2018» сұлулық байқауының жеңімпазы анықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Мисс ТМД-2018» сұлулық байқауының жеңімпазы анықталды

«Мисс ТМД-2018» сұлулық байқауының жеңімпазы анықталды

Астанадағы Kazmedia орталығында алғаш рет өткен халықаралық «Мисс ТМД-2018» сұлулық байқауында украиналық ару Татьяна Акуленко жеңіске жетті.

  • 29 Шiлде 2018
  • 88
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Baq.kz хабарлайды.

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының аруы атағын алу үшін 18 жастан 27 жасқа дейінгі 10 мемлекеттен 19 ару бойжеткен қатысты.

Олар – Назира Мирзоева (Тәжікстан), Ромелла Тамарян (Армения), Якимчик Ксения (Қазақстан), Татьяна Акуленко (Украина), Анна Панамерева (Беларусь), Егорян Сусанна (Қырғызстан), Аннамария Качеишвили (Грузия), Жанара Хасенова (Ресей), Оксана Левченко (Украина), Виктория Лавренко (Беларусь), Виктория Волгина (Ресей), Әсем Есенгельдинова (Қазақстан), Дарья Масальская (Өзбекстан), Арина Зинченко (Ресей), Лика Шевченко (Украина), Роза Ярлабекова (Қазақстан), Лариса Агафонова (Латвия), Лика Тория (Грузия), Каюмова Маликабону (Тәжікстан).

Алдымен арулар сахнаға қазақтың ұлттық киімдерімен шықты. Ал байқаудың екінші кезеңінде олар кешкі классикалық көйлектерді кисе, үшінді кезеңде арулар дизайнерлер тіккен киімдерді киіп, бақтарын сынады.

Қазылар алқасының шешімімен халықаралық «Мисс ТМД-2018» сұлулық байқауында украиналық ару Татьяна Акуленко жеңіске жетті. Ол бағалы тастармен көмкерілген алтын тәжге ие болды.


Байқауда бірінші орынды алматылық Асем Есенгельдиева алса, екінші орын армениялық Ромелла Тамарянға бұйырды. Ал үшінші орын Виктория Волгинаға берілді. Оларға құндыз тон мен гауһардан жасалған әшекейлер сыйға тартылды. Сондай-ақ байқау жеңімпаздарына Түркия, БАӘ және Арменияда демалуға мүмкіндік беретін 4 жолдама берілді

Айта кетейік, «Мисс ТМД» байқауы 1996 жылдан бері жыл сайын өткізіліп келеді. Биыл сұлулық байқауы ҚР Мәдениет және спорт министрлігі және Қазақстандағы Армения елшілігі қолдауымен ұйымдастырылды.

Соңғы жаңалықтар