Жарияланды: 2800

Мөлдір Әуелбекова отыз алты жасқа толған жолдасының туған күніне жаңа ән арнады

Мөлдір Әуелбекова отыз алты жасқа толған жолдасының туған күніне жаңа ән арнады Сурет - Caravan.kz

Танымал әнші Мөлдір Әуелбекова жолдасының отыз алты жасқа толған туған күніне арнайы ән шығарып тосын сый жасады.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Әнші өзінің инстаграм әлеуметтік желісінде жолдасына жүрек тебірентер сөздерін жазды сонымен қатар Айша есіміне қатысты тың ақпаратпен бөлісті.

"Бүгін қасиетті жұма күні отағасы - Қуанышымның 36-шы туған күні! Алланың қалауымен отбасымыздың қамқоршысы, жүрегіміздің жұбанышы, өміріміздің қуанышы, арқа сүйерімізді құттықтай отырып, өнер иесі ретінде сыйлыққа әуелеген әнімді сыйлаймын!
Қызықты мәлімет: Мен тұрмысқа шыққан күннен бастап жүрегімнің қожайыны Айша анамыздың (Пайғамбарымыздың (с.ә.с.) сүйікті жары) салиқалы жолын берсін деген ниетпен еркелетіп мені "Айша" деп атап кетті. Оны естіп алған қайныларым да Айша жеңгей деп еркелетіп жүріп, ақпараттың қалың көпшілікке еріксіз тарап кеткеніне куә болдық. Мән жәйдың анық қанығын білмей жатып сыртымыздан тон пішіп, көңілімізге кірбің түсіріп, сантүрлі ауыр сөздер жазып тілден күнә жинап алғандар қаншама. Ең өкініштісі олар өзіміздің қазақ-мұсылман бауырлар... Алла жүректеріңізге хидаят берсін! Азан шақырып қойған Мөлдір есімімді жанжарым Айша деп еркелеткенде еш айып жоқ деп есептеймін.
Ал, қолдаушы-тілеулестеріме Аллах екі дүниенің рахатын нәсіп етсін! Дұғамдасыздар! Аллах разы болсын! Құрметпен Мөлдір Әуелбекова (Айша)" - деп қауесетке нүкте қойды. 
 

 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін