Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Бағдарлама жүргізушісі Тимур Балымбетов продюсерден "Бағым Мұхитденова бізге келгенде Мөлдірді ешқашан кешірмейтінін айтты. Мөлдір 7 жыл бойы жұмыс жасадыңыз, араларыңызда не бар?" — деген сұраққа продюсер былай жауап берді:
"Мен Мөлдірдің ешқашан продюсері болған емеспін. Мен тек КешYou тобының гастрольдік директоры болдым. Маған Мөлдірмен жұмыс жасаған ұнайтын, болды."
"Араларыңызда тек кәсібилік жұмыс болды ма? " — деген сұраққа продюсер жауап бермей, жүргізушіге басқа сұрақ қоюын талап етті.