Жарияланды: 360

Монако князі Альбер II Қазақстанға алғаш рет ресми сапармен келеді

Монако князі Альбер II Қазақстанға алғаш рет ресми сапармен келеді

2-5 қарашада Қазақстанға алғаш рет ресми сапармен Монако Билеуші Князі Альбер ІІ келеді деп күтілуде.

Бұл туралы бүгін Астанада өткен дәстүрлі брифингте ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлім етті. Сапар аясында Монако Билеуші Князі Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездеседі. «Сонымен қатар, сапар шеңберінде Бейбітшілік және келісім сарайында Альбер ІІ анасы Княгиня Грейстің құрметіне орайластырылған «Монако Ханшайымы, Грейс Келли дәуірі» атты көрменің ашылуына және Монако Князьдігінің Астанадағы Құрметті консулдығының ресми ашылу салтанатына қатысуы жоспарланған», -деді реми өкіл. Айта кетейік, Қазақстанның Монако Князьдығымен дипломатиялық қатынастары 2009 жылдың басында орнаған. 2010 жылдың мамырында Қазақстан Республикасының Франциядағы Елшісі Князьдықта қосымша тіркелді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін