Жарияланды: 490

Мұғалімдерді Қазақстандағы билік өкілдерімен теңестіру ұсынылды

Мұғалімдерді Қазақстандағы билік өкілдерімен теңестіру ұсынылды

Қазақстанда мұғалімдерге көрсетілген қысымды билік өкіліне көрсетілген қысыммен теңестіретін Ресей тәжірибесін қабылдағысы келеді.

Парламент сенатының депутаты Динар Нүкетаева қоғамда мұғалім мамандығының қадір-қасиетін көтеретін бірқатар ұсыныс айтты. Ол өз сауалын Премьер-министр Бақытжан Сағынтаевқа жолдады, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Нүкетаева мұғалім жалақысының өскеніне қарамастан әлі де білім саласындағы шенеуніктер мен оқушылардың ата-аналары тарапынан қысым көріп келе жатқандығын айтты. Бүгінгі таңдағы мұғалім образы – құқығы тапталған әлсіз адам.

«Ресейде педагогқа қатысты жасалған қысым мен қадір-қасиетін төмендетуді билік өкілдеріне көрсетілген қысыммен теңестіруге ұсыныс жасалып жатыр. Мұндай тәжірибе біздің мұғалімдерге қатысты да қолданылса деген ниет бар», - деп жалғастырды сөзін сенатор.

Сондай-ақ, ол Қазақстанның мемлекеттік мекемелерінде бейнекамерасы бар, интернетке қосылған ұялы телефон ұстауға тыйым салынғандығын еске салды.

Еске сала кетсек, Парламент Сенатының депутаты Динар Нөкетаева ҚР Премьер-министрінің атына жолдаған депутаттық сауалында орта білім беру мекемелерінде ер мұғалімдердің аз екенін айта келе, педагогикалық мамандықтарға ер азаматтарды тарту үшін жеңілдіктер қарастыруды да сұрады.

 

 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін