"Мұғалімге де қалай болса солай жүруге болмайды": Сәуле Әбілдаханқызы трансвеститтер түнгі клубына барған мұғалімдерді қатаң сынға алды - kaz.caravan.kz
  • $ 487.37
  • 532.94
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
13 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Мұғалімге де қалай болса солай жүруге болмайды": Сәуле Әбілдаханқызы трансвеститтер түнгі клубына барған мұғалімдерді қатаң сынға алды

"Мұғалімге де қалай болса солай жүруге болмайды": Сәуле Әбілдаханқызы трансвеститтер түнгі клубына барған мұғалімдерді қатаң сынға алды

Журналист Сәуле Әбілдаханқызы трансвеститтер түнгі клубына барған қызылордалық мұғалімдерді қатаң сынға алды.

  • 18 Қаңтар
  • 302
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Біртүрлі халықпыз… безпринципный…

"Түрлі-түсті" еместер, негізінен, оларға қарсы… лгбтға, олардың ашық қозғалысына қарсы… "оларды көрген бала-шаға, жастар ертең соларға еріп кетеді, бала-шағамыздың болашағы үшін қорқамыз" деп шулаймыз…

Алайда…

Бала-шағамызды оқытып тәрбиелейтін мұғалімдер демалыс уақытында гейлер клубына бара ма, транстармен көңіл көтере ме — өз жеке өмірі, жеке шаруасы деп оларды ақтап, жақтаймыз…

Әрине, өз өмірі, жеке шаруасы… Ендеше олар мектепте не істеп жүр? Жеке шаруасымен айналысып жүре бермей ме? Балалар алдында, мамандығы алдында қоғам алдында, мемлекет болашағы алдында жауапкершілігін сезініп түсінбесе, тәрбие саласында не бітіріп жүр? Мұғалім үшін "норма", "в порядке вещей" қабылданатын қалыпты нәрселерді балаларға да солай сіңірмей ме?

Мысалы, мен гей, транс емеспін, сол себепті олардың ортасында көңіл көтеріп демалу мен үшін "ненормально". Пыросты ол менің ортам емес… маған қызық та емес…

Егер президент, министр, әкімдер, депутаттар, тіпті, жай ғана мемқызметкерлерді сол клубтардан көрсеңдер, не істер едіңдер? Реакцияларың қандай болар еді?… Тіпті, олардың жай ғана тойға барып билегені көзімізге түссе, түтіп жейміз ғой…

Уот…. мұғалімге де қалай болса солай жүруге болмайды… "Мұғалім беделі" де оның біліміне ғана емес, жүріс-тұрысына да байланысты… Мейлі, өмірде аралассын, дос болсын, сөйлессін, туған күніне шақырсын, құда болсын т.б. Ал арнайы клубтарына іздеп барып демалу…. ақтай да, жақтай да алмаймын…

Ар-ұжданы, ұяты, жауапкершілігі өлген қоғам — тірі өліктер қоғамы. Ал мұғалім — мемлекеттің ар-ұжданы, ұяты… айнасы…

Сендерден артта қалып қойған отсталый консервативный адаммын осындай", — деп жазды Сәуле Әбілдаханқызы.