«Қаңқу сөздерге сенбеңіздер. Мен өзімді тамаша сезінемін», — дейді 72 жастағы боксшы.
13 қазан күні Әлидің денсаулығының нашаралауы себепті ол өз өмірі туралы фильмнің тұсаукесеріне келе алмады деген ақпарат тараған еді. Спортшының інісі Рахман Әли ағасының сөйлеуге мүмкіндігі жоқ ауыр жағдайда екенін айтқан болатын. Биылғы жылдың басында Әлидің ұлы да әкесінің халінің нашарлап кеткенін, оның жыл соңына дейін өмір сүруіне күмәнданатынын айтқан еді.
Айта кетейік, атақты боксшы 30 жылдан бері Паркинсон ауруына шалдыққан. Бұл дерт жазылмайды, ал барлық емдеу тәсілдері тек оның симптомдарын жеңілдетуге бағытталады.