«Мұхаммедті қорлауға батылы барған бір итіңді өлтірдім»: Францияда тағы бір әйелдің басы кесілді - kaz.caravan.kz
  • $ 487.44
  • 567.38
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Мұхаммедті қорлауға батылы барған бір итіңді өлтірдім»: Францияда тағы бір әйелдің басы кесілді

«Мұхаммедті қорлауға батылы барған бір итіңді өлтірдім»: Францияда тағы бір әйелдің басы кесілді

Францияның Ницца қаласында лаңкес үш адамды пышақтап өлтіріп, Нотр-Дам шіркеуінде бірнеше адамды жаралады. Оқиға болған жерді полиция қоршауға алды, шабуыл жасаған адам ұсталды.

  • 30 Қазан 2020
  • 302
Фото - Caravan.kz

Шабуылдың себептері тексеріліп жатыр, деді қала мэрі. Ал куәгерлердің айтуынша, шабуыл болған жерде «Аллах Әкбар!» деген айқай естілген.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы gazeta.ru-ға сілтеме жасап хабарлады.

Дәл осындай жантүршігерлік оқиға 16 қазанда орын алғаны белгілі. Ол кезде Париж маңында мектеп мұғалімінің басы кесілді. 47 жастағы Сэмюэль Пати сабақта шәкірттеріне Мұхаммед пайғамбардың карикатурасын көрсеткен көрінеді.

Прокуратураның хабарлауынша, шабуылды Мәскеуде туылған, бірақ 2008 жылдан бері Францияда босқын ретінде тұрып жатқан 18 жасар шешен жасаған.

Кісі өлтіруден кейін қаскүнем Twitter-де басы кесілген мұғалімнің суретін жариялап, Франция президентіне: «Кәпірлердің әміршісі, мен сенің Мұхаммедті қорлауға батылы барған бір итіңді өлтірдім», — деп айтқан.

Ал шешен азаматының мұғалімнің басып кесіп алған әрекетін Ресейлік шешен спортшылары жақтап шыққаны есімізде.

Мысалы, ресейлік UFC жартылай орта салмақтағы Зелим Имадаев Instagram-да Париждің Конфланс-Сен-Онорин жанындағы мектептің мұғалімі Самуэль Патиді өлтірушіні «Ислам қаhарманы» деп жазд
ы.

Бұл туралы sports.ru порталы жазды.

Сондай-ақ, , екі салмақ дәрежесінде бұрынғы ACB чемпионы Альберт Дураев та Франциядағы колледж оқытушысының басын кесіп өлтірген 18 жастағы Абдулак Анзоровтың әрекетін қолдады.

«Францияда сөз бостандығы өзінің бастауын жоғалтты», — деп жазды Дураев өзінің Instagram-дағы парақшасында, содан кейін жазбаны өшіріп тастады.

Еске салсақ Француз мемлекет басшысы қазан айының басында сөз сөйлеп, зайырлы қоғам принциптерін қорғау үшін ислам фундаментализмі мен «сепаратизмге» қарсы қатаң заңдар қабылдау қажеттігін мәлімдеді. Саясаткер имамдарға виза беруді тоқтату және мешіттердің қаржысына бақылауды күшейтуді қамтитын шаралар тізімін ұсынды.