Сондай-ақ Қазақстан қазіргі уақытта Ресей және Украина тараптарымен Минск конвецияна орай келіссөздер жүргізіліп, олардың құқықтық көмек көрсетуін сұрауда. Бірақ ресми Париж Әблязовтің отанына жіберілу жайлы өтінішке оң жауап қатқанда ғана ол Қазақстанға берілмек. Естеріңізге сала кетсек, 9 қаңтар күні Франция соты БТА банкінің экс-басшысын Ресейге немесе Украинаға экстрадициялау жайлы шешім қабылдаған болатын. Бірақ қазақстандық олигарх бір аптадан соң апелляциялық шағым жазып, сот шешімін әлі даулап жатыр.