Мұхтар Тайжан өзін бопсалаған журналистің кім екенін айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мұхтар Тайжан өзін бопсалаған журналистің кім екенін айтты

Мұхтар Тайжан өзін бопсалаған журналистің кім екенін айтты

 

  • 15 Маусым 2016
  • 1482
Фото - Caravan.kz

Белгілі қоғам белсендісі Мұхтар Тайжан осыдан үш айдан аса уақыт бұрын Фейсбуктегі парақшасында өзін бір журналистің бопсалағаны туралы жазған болатын.

Тайжан онда былай деген еді: «Өткен аптада мені бір қазақтілді журналист кездесуге шақырды. «Сен туралы нашар ақпарым бар» деп. Айдос Жұқанұлы досымды ертіп бардым кездесуге. Бізге материалдарын көрсетіп, «жариялаймын» деді. Біраздан соң «бір жобам бар, соны қаржыландыру керек» деп, 3 млн теңге сұрады. Мен мұны шантаж деп түсіндім. «Қаражат берсең, бұны жария қылмаймын, өшіріп тастаймын. Бермесең, әкеңнің асынан кейін жариялаймын» деді. Айдеке екеуміз күлдік, көрсеткен материалдары жалған екенін айттық. «Бұл мағлұмат жалған, өтірік. Жариялып шығарамын десеңіз, өзіңіз біліңіз, бірақ ақша бермеймін» деп, қайтардым. Жалпы, бұл жасы бізден үлкен, қазақтілді журналист. Өзі өмір бақи «ұлтшылмыз ғой» деп қасымызда жүрген еді. Ал өзі тиісті органдарға жұмыс істеп жүрген екен…»

Сол кезде Мұхтар Тайжан жаман ақпарат жариялаймын деп қорқытып, ақша бопсалаған журналистің кім екенін айтпай қойған еді. Қызығып сұрағандардың ешқайсысына әлгі адам туралы тіс жарған жоқ.


Бірақ кеше «сезікті секіредінің» кері келді. ФБ-ның Геройхан Қыстаубаев деген қолданушысы өз парақшасында Мұхтар Тайжанды сынға алды. Ол Тайжанды «оппозициядағыларды сатып кеттің» деген мағынада кінәлаған. Осыдан кейін бопсалаған журналистің есімі мәлім болды. Мұхтар Тайжан үш ай бұрынғы жазбасының комментариіне: «Ол Геройхан Қыстаубаев болатын» деп жазды.