Мүмкіндігі шектеулі жандарға «ЖанШуақ» қоғамдық сыйлығы табысталды (ФОТО) - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мүмкіндігі шектеулі жандарға «ЖанШуақ» қоғамдық сыйлығы табысталды (ФОТО)

Мүмкіндігі шектеулі жандарға «ЖанШуақ» қоғамдық сыйлығы табысталды (ФОТО)

Бейбітшілік және Келісім сарайында VII «ЖанШуақ» қоғамдық сыйлығымен марапаттаудың салтанатты рәсімі өтті. Іс-шара жыл сайынғы «Шексіз мүмкіндіктер - 2014» халықаралық акциясының және «Нұр Отан» партиясының «Кедергісіз келешек» жобасының аясында ұйымдастырылды, деп хабарлады strategy2050.kz «Нұр Отан» партиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.«Нұр Отан» партиясының қолдауымен «Қазақстан мүгедектерінің конфедерациясы» қоғамдық  бірлестігі осы ұйымның негізін салушы Иран Омарбеков бастамашы болған «Шексіз мүмкіндіктер» акциясын ұйымдастырушы және құрылтайшы болып отыр. Марапаттау салтанатына «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің өкілдері, ҚР Парламентінің депутаттары, белгілі қоғам қайраткерлері, білім, мәдениет және спорт тағы басқа да салалардың өкілдері қатысты.

  • 7 Желтоқсан 2014
  • 679
Фото - Caravan.kz

«ЖанШуақ» сыйлығы мәдениет, спорт, білім, эстрада салалары және қолданбалы өнердің барлық түрлері бойынша жоғары жетістікке жеткені үшін мүмкіндігі шектеулі жандарға беріледі.

Сондай-ақ, Бауыржан Байбек аталған шараға қатысушылардың өмірге құштарлығы, талпынысы, табандылығы мүмкіндігі шектеулі жандарға үлгі боларлық іс екеніне және ерекше күш-жігер беретініне тоқталды.    

7 аталым бойынша сыйлыққа ие болғандар:

«Мүгедек жандардың өмір сапасын жақсартқаны үшін» сыйлығы — Дүйсенғали Оспанов, Қостанай қ.

 «Мүмкіндігі шектеулі жандардың ҚР қоғамдық қызмет саласындағы айтулы жетістіктері үшін» сыйлығы — Гүлмира Батпақұлова, Орал қ.

 «Мүмкіндігі шектеулі жандардың ҚР қолданбалы өнер саласындағы айтулы жетістіктері үшін» сыйлығы — Алина Лампартер, Қостанай қ.

 «Мүмкіндігі шектеулі жандардың ҚР мәдениет саласындағы айтулы жетістіктері үшін» сыйлығы  — Нүркен Бектасов, Семей қ.

«Мүмкіндігі шектеулі жандардың ҚР вокалдық орындаушылық саласындағы айтулы жетістіктері үшін» сыйлығы — Ләззат Салықова, Қапшағай қ.

 «Мүмкіндігі шектеулі жандардың арбада отырып өнер көрсету бойынша айтулы жетістіктері үшін» сыйлығы — Талғат Аманбеков, Тараз қ.


 «Мүмкіндігі шектеулі жандардың ҚР спорт саласындағы айтулы жетістіктері үшін» сыйлығы — Дмитрий Ли, Астана қ.

Ресми дерек бойынша бүгінде Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі 650 мың адам өмір сүруде. Олардың көпшілігі талантты және мақсаткер жандар. Жыл сайынғы «Шексіз мүмкіндіктер» акциясы мүгедек жандарға денсаулығындағы ақауға қарамастан оның қоғамның толыққанды мүшесі бола алатынын дәлелдеуге, бақытқа лайықты екенін сезінуге зор мүмкіндік береді.

8 7 6 4 3 2 1