Мұнай бағасы өсіп келеді - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мұнай бағасы өсіп келеді

Мұнай бағасы өсіп келеді

Мұнайдың әлемдегі бағасы өсіп келеді. Сарапшылардың пікірінше, «қара алтын» қорының көбеюі оның құнының артуын шектеуі мүмкін.

  • 6 Ақпан 2015
  • 307
Фото - Caravan.kz


Мәскеу уақытымен сағат 07.22 жағдай бойынша наурыз фьючерстерінде  Brent маркілі мұнай баррелі 0,64% , яғни 59,93 долларға қымбаттады.  Наурыз фьючерстерінде WTI мұнайының бір баррелінің бағасы 1,21% — 51,09 долларға дейін өсті, деп жазды РИА Новости.

Сарапшылар атап өткендей, мұнай бағасы АҚШ-тағы «қара алтын» қорының ұлғаюына байланысты өзгереді. Елдің энергетика министрлігінің мәліметіне сай 30 қаңтарда аяқталған бір апта ішінде мемлекеттегі мұнай қоры  80 жылдағы максималды деңгейге  6,3 миллион баррельге, яғни 413,1 миллион баррельге дейін көтерілді.