Мұнай бағасының арзандауына орай доллар тағы өсуі мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мұнай бағасының арзандауына орай доллар тағы өсуі мүмкін

Мұнай бағасының арзандауына орай доллар тағы өсуі мүмкін

  • 20 Қараша 2015
  • 516
Фото - Caravan.kz

Мұнай құнының құлдырауын сарапшылар сұраныстың азайғанымен түсіндіріп отыр. Ал, мұнай өндіруші алпауыттар экспорт көлемін азайтқысы жоқ. Бұл бірінші кезекте бюджеті осы шикізат саудасына тәуелді елдер үшін ауыр тиіп жатыр. Осы тізімге Қазақстан да кіреді. Теңгенің бағамы осы әлемдегі мұнай бағасына тікелей тәуелді. Сондықтан баррель мұнай енді бұдан да арзандаса ұлттық валюта құны да төмендей береді. Ал 40 доллардан азамайса, АҚШ ақшасының бағамын 300 теңгенің көлемінде ұстап тұруға болады дейді Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев.