"Менің ойымша, жалақы деңгейі, болмаса кәсіпорындардағы адам санының қысқаруы ықтимал, дегеннен гөрі инвестициялардың қысқаруы мүмкін, демек, сала бойынша алғанда ең алдымен сервистік компаниялардың қызметкерлері, яғни барлау, бұрғылау, құрылыс саласының қызметкерлері қиналып қалуы ықтимал”, деді ол Астанада сейсенбіде президент жанындағы орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.