Мұнайдың әлемдік бағасы құбылып тұр
Әлемнің алдынғы қатарлы мұнай биржаларындағы сейсенбі күнгі сауданың қорытындысы бойынша мұнай бағасы құбылмалы болды. Лондон және Нью-Йорк шикізат биржаларының сайтында осындай ақпарат жарық көрді. |
Алдағы айда жеткізілетін мұнай фьючерстерінің орташа бағасы Лондондағы InterContinental Exchange биржасында (ICE) - IСE Brent Crude Futures $110,95 (-0,74)/барр.
болды. ICE мәліметтеріне сәйкес сауда күні баррель мұнайдың бағасы $109,92 - $113,1 аралығында құбылып тұрды.
New York Mercantile Exchange биржасында алдағы айға мұнай фьючерстерінің орташа құны Light, Sweet Crude Oil $93,4 (+0,14)/барр.
NYMEX мәліметтеріне сәйкес, сауда күні баррель мұнайдың бағасы $92,5 - $94,74 аралығында құбылып тұрды.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін