Мұнайдың әлемдік биржадағы бағасы төмендеді
Әлемнің басты мұнай биржаларында жұмада өткен сауда қортындысында әлем рыногындағы Brent маркалы мұнай бағасы төмендеді, деп хабарлайды Лондон және Нью-Йорк биржаларының сайты. Жақын айларда жеткізілетін мұнай фьючерстерінің орташа есептеген бағасы Лондонда InterContinental Exchange Futures (ICE) - IСE Brent Crude Futures Electronic $113,21 (-0,81)/барр. ICE мәліметтеріне сәйкес сауда күні баррель мұнайдың бағасы $111,05 - $114,31 аралығында |
құбылып тұрды.
Жақын айларда жеткізілетін New York Mercantile Exchange мұнай фьючерстерінің орташа есептеген бағасы Light,Sweet Crude Oil келісімшартына $93,01 (-1,94)/барр. болды.
NYMEX мәліметтеріне сәйкес, сауда күні баррель мұнайдың бағасы от $91,84 - $95,4 аралығында құбылып тұрды.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін