Жарияланды: 390

Мұнайға деген сұраныстың жыл сайынғы өсімі 2030 жылға дейін 1% құрайды - Халықаралық энергетикалық агенттік

Астана. 13 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Мұнайға деген сұраныстың жыл сайынғы өсімі 2030 жылға дейін 1% құрайды. Мұндай болжам Халықаралық энергетикалық агенттік жария еткен "Әлемдік энергетиканың келешегі" атты баяндамада келтірілген, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"2030 жылы әлемдік экономиканың мұнайға деген тәуліктік сұранысы 106 млн баррельді құрайды. Ал 2007 жылы ол 84 млн болған. Сөйтіп, алдағы жиырма жылда жыл сайын мұнай өндіру көлемін ауқымы жағынан қазір Кувейт өндіріп отырған мұнайдың көлеміне дейін қосу қажет болмақ", - делінген баяндамада. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін