Мұнай-сервис компанияларының 40 мыңнан астам қызметкері жұмыссыз қалуы мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мұнай-сервис компанияларының 40 мыңнан астам қызметкері жұмыссыз қалуы мүмкін

Мұнай-сервис компанияларының 40 мыңнан астам қызметкері жұмыссыз қалуы мүмкін

Мұнай бағасы қазіргі күйінде сақталатын болса Қазақстанда 40 мыңнан астам адам жұмыссыздар қатарын толықтыруы мүмкін.

  • 23 Қараша 2015
  • 600
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы бүгін Энергетика министрі Владимир Школьник мәлімдеді.
«Біз Мұнай-сервис компаниялары қауымдастығымен жұмыс істейміз. 2015 жылы сервистік қызмет көлемі 25 пайызға қысқарған. Келесі жылы жағдай осылай жалғасатын болса (…), мұнай бағасы осындай болатын болса 40 мыңға жуық адам жұмыстан қысқартылуы мүмкін. Бұл сервистік компанияларға қатысты мәселе. Ал, тікелей мұнай өндіретін компаниялар туралы айтар болсақ, мұнайдың баррелі 55 доллардан төмендесе 7 мыңға жуық адам, 60-50 доллар төңірегінде болса – 5 мың адам, 70-60 доллар аралығында болса 2-2,5 мың адам жұмыссыз қалуы ықтимал деген болжам бар», — деді ол үкіметтің дүйсенбідегі отырысында.
Министрдің айтуынша, 2015 жылы жер қойнауын пайдаланушылардың жалпы табысы былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда 52 пайызға қысқармақ».
«Биылғы жылы сервистік қызмет пен жалақыға жұмсалатын ағымдағы шығындар 31 пайызға қысқарады. Сонымен қатар, мамандар салық, рент салығы, корпоративтік салық сынды төлемдер де едәуір төмендейді деген болжам жасап отыр», — деп қосты ол.
«Қысқартуға ұшыраған адамдарды жұмысқа орналастыру қажет (…). Біз ойластырып көрдік. Егер 13 жоба іске қосатын болсақ (…) құрылыс кезінде 21,5 мың адамщды жұмыспен қамтимыз. Тағы 6 мыңға жуық тұрақты жұмыс орны ашылады. ТШО кеңейтілген жағдайда тағы 20 мың жұмыс орны ашылады. Бұған қатысты шешімді желтоқсан айында қабылдаймыз», — деді В. Школьник.