Мұнайшылар жаппай астан ұшынды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.04
  • 538.54
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мұнайшылар жаппай астан ұшынды

Мұнайшылар жаппай астан ұшынды

Маңғыстау облысында жұмысшылар жаппай астан ұшынды. Асханадан түстенген «КаспийМұнайҚұрылыс» компаниясының 13 қызметкері аяқасты өздерін жайсыз сезініп, ауруханаға жеткізілген.

  • 13 Ақпан 2014
  • 187
Фото - Caravan.kz


Оларға гастроэнтерит, ішек жұқпасы деген диагноз қойылды. Астан ұшынғандардың алды дәрігер көмегіне 8-ші ақпан күні жүгініпті. Барлығы – мұнай кен орнында жұмыс істейтін құрылыс компаниясының жұмысшылары. Асханадан түстенгеннен кейін олардың қызуы көтеріліп құса бастаған. Сол күні жұмысшылар қарақұмық пен тауық етін жеген. Қазір емделушілердің жағдайы жақсы, апта аяғында ауруханадан шығады. Ал, СЭС мамандары жаппай ұшыну себебін әзірге анықтай алған жоқ.