Мұрат Оспанов тергеу кезінде қорлық көргенін айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мұрат Оспанов тергеу кезінде   қорлық  көргенін айтты

Мұрат Оспанов тергеу кезінде қорлық көргенін айтты

Мұрат Оспанов қаржы полициясының зәбірлеп, қорлық көрсеткені туралы айтты. Бүгін кезекті сот отырысында түсінік берген Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің бұрынғы басшысы: «тергеушілер ұрып-соқты, әбден жәбірледі, қорықтым», -деп судьяға шағымданды.

  • 27 Қаңтар 2015
  • 260
Фото - Caravan.kz

Оспановтың айтуынша, қаржы полицейлері оның қолына кісен салған сәттен бастап, соққының астына алып, қан-жоса еткен көрінеді. Кейін тергеушілер «өзім құлап қалдым» деп жазып, қол қоюға мәжбүрлепті. Олардан әбден жүрегім шайлығып қалды деген экс-шенеунік процес барысында «пара алмадым, айыпты емеспін» дегенді де қайталаумен болды. Мұрат Оспанов былтыр шілдеде «Атырау жарық» компаниясынан электр энергиясының құнын көтеру үшін 300 мың доллар пара алды» деген күдікпен ұсталған еді.  Экс-шенеунік болса, өзіне шаң жуытқан емес. Айтуынша, ақшаны кәсіпкер досынан ұлының үйлену тойын жасау үшін қарызға алған көрінеді.