Мұрат Оспановтың соты қараша айына белгіленді - kaz.caravan.kz
  • $ 489.39
  • 567.5
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A

Мұрат Оспановтың  соты қараша айына белгіленді

Мұрат Оспановтың соты қараша айына белгіленді

Астанада кезекті атышулы процесстің уақыты белгіленді. Бүгін «ірі көлемде пара алды» деп айыпталған Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің экс- төрағасы Мұрат Оспановтың ісіне қатысты алдын-ала тыңдау өтті.

  • 4 Қараша 2014
  • 182
Фото - Caravan.kz


Жабық есік жағдайында өткен тыңдауда Оспановтың соты 11-ші қарашада басталатын боп шешілді. Ондаған томға арқау болған шулы істі шенеуніктерге ұзақ мерзім кесумен аты шыққан судья Ербол Рақымбеков қарамақ. Ол жақында ғана Ауыл шаруашылығы вице-министрі Мүслім Өміраевқа 10 жыл кескен еді. Ал Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің бұрынғы төрағасына, 300 мың доллар пара алды деген айып тағылып отыр. Бұл ақшаға атқамінер әлдебір компанияның мүддесін қорғауға уәде еткен. Кейін Мұрат Оспанов бұл соманы ұлының үйлену тойына деп кәсіпкер досынан қарызға алғанын айтып ақталғаны есте. Қазір қамауда отырған ол, тіпті қарауыл күзетінен қашып кетпек те болды. Кейін мені аяусыз ұрып-соқты деп талай  арызданған. Алайда, онысы сол күйі дәлелденген жоқ.