Мына ондаған мұражай қызметкерлері Астанада 2017-інші жылы өтетін ЭКСПО көрмесіне гид болмақ. Олар алдымен ағылшын тілін меңгереді. Содан кейін ғана шетелдік қонақтарга калай кызмет көрсету мен қазақтың қонақжайлығын, туған өлкенің өткені мен бүгінін баяндайды. Басты талап — гид қонақ алдында тоқтап қалмай әр ғимараттың шығу тарихын баяндауы тиіс. Әзірге олар мұның бәрін сабақ түрінде өтіп жатыр. Сарыарқаның сары шұнақ аяз басталған соң түрлі шаралар өткізіп, гидтік қызметті атқарып көрмек. Ал, көрген-білгендерін 3 жылдан соң ғана іске асырады.