Мұсылман адамға «Крещение мейрамы» деп суға түсуіне бола ма? - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мұсылман адамға «Крещение мейрамы» деп суға түсуіне бола ма?

Мұсылман адамға «Крещение мейрамы» деп суға түсуіне бола ма?

Крещение Господне (Богоявление) — Иоанн Креститель пайғамбардың Иордан өзенінде Иисус Христосты шоқындыруынан туындаған мейрам. «Крещение» сөзінің өзі грек тілінен аударғанда «бату» деген мағынаны білдіреді.  

  • 16 Қаңтар 2019
  • 128
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы islam.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

18-19 қаңтар күндері тойланады. Крещение – христиандардың мейрамы. Бұл мейрамды «Богоявление» мейрамы деп те атайды[1]. Өйткені, олардың сенімінше, дәл осы күні Құдай әлемге өзінің үш түрлі тәңірлік бейнесінде көрінген. Атап айтсақ: Құдай Бала (Бог Сын) – Иса Мәсіх Иордан өзенінде шоқындыру рәсімін орындады; Қаситті Рух (Дух Святой) – Исаға көгершін кейпінде түсті; Құдай Әке (Бог Отец) Иса Мәсихті көктен дауыс шығарып куәландырды[2].

Христиандардың сеніміне қарағанда, осы күндері (18-19 қаңтар) жер бетіндегі барлық су атауы жаңарып, тазарады екен. Су өзінің құрамындағы жаман рухтық энергетикадан арылады-мыс. Бірақ, оның тазаруы «киелі» болғандығының белгісі емес. Киелі болуы үшін арнайы діни рәсіммен дұға айтылуы керек. Сонда ғана ол — киелі, қасиетті су атанады[3]. Оның үшін, шіркеу әкейі суға белгілі дұғаларды айтып, айқышты (крест) батырады. Осыдан кейін барып, әлгі су киелі атанып, соған шомылған кісі рух тазалығы мен тән тазалығына қол жеткізеді екен.  

Ескерту:

Ескерте кететін маңызды нәрсе: Христиан діні бойынша, аталмыш күні күнәдан тазарамын деген мақсатта ауа-райының суығына қарамастан, аязды далада мұздай суға түсу шарт емес. Бұған қатысты шіркеу әкейлерінің бірі былай дейді:

«Суық күндері мұз ойығындағы суға түсу рәсімі – «Крещение Господня» мейрамына тікелей еш қатысы жоқ. Суық суға түсу — шарт емес. Және ең маңыздысы, бұл әрекет адамды күнәдан тазартпайды… Бұнымен қатар мұздай суда шомылу көп адамға зиянды және денсаулығына қауіпті. Шіркеу ешқашан жаманшылық ойламайды. Әлгіндей суға шомылу – автоматты түрде барлық күнәні жуып-шаяды деп ойламау керек… Қалай болғанда да, мұз ойығындағы суға түсу – «исповедьтің» орнын баса алмасы анық…»[3]  

Шариғи тұрғыда:

Ислам діні христиан мен яһуди (иудаизм) дініндегілерді «әһли китаб», яғни «кітап иелері» деп атап, өзге діндерден бір саты жоғары санады. Пайғамбарымыздың (с.а.у.) заманында болсын, одан кейінгі уақыттардағы мұсылмандардың әлемді билеп тұрған шақта болсын, өзге дін өкілдеріне құрметпен қарап, діни рәсімдерін орындауларына кедергі жасамаған.  

Осыған орай, біздер бірге өмір кешіп келе жатқан христиан дін өкілдерінің бүгінгі мейрамдарына да құрмет назарымен қарайтынымыз сөзсіз.

Бірақ, бұл – мұсылмандардың да осы күнді қасиет тұтып, бүгінгі мейрамның құрметіне мұздай суға шомылуына болады деген сөз емес.  

Қайсыбір мұсылман осы күннің қасиеттілігіне сеніп, аталмыш күнгі суды «киелі» санап шомылса, яки, сақтап жүрсе, онысы мұсылманшылықтан шығарып, күпірлікке апаратын әрекет. Өйткені, бір мұсылманның аталмыш күнді қасиет тұтуы — оның астарындағы пəлсəфəні, нанымды мойындайтындығын көрсетеді. Дəлірек айтқанда, дəл осы күні Құдайдың әлемге үш түрлі тәңірлік бейнесінде көрінгендігіне сенеді деген сөз. Ал, Құранда Алла тағала: «Шынында: «Алла деген – Мәриям ұлы Иса ғой» деушілер, сөз жоқ кәпір болды...»[4], — деген. 

Бұған қоса: «Кім Исламнан басқа бір дін іздесе, әсте одан қабыл етілмейді де ақыретте зиянға ұшыраушылардан болады», — делінген Құран аяты да бар. 

Ең дұрысы – Аллаға мәлім!

                                                                                                                                                              Абдусамат Қасым
 

Соңғы жаңалықтар