«Мұсылман бауырлар» қозғалысының көшбасшысы Каирде ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 467.65
  • 533.26
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Мұсылман бауырлар» қозғалысының көшбасшысы Каирде ұсталды

«Мұсылман бауырлар» қозғалысының көшбасшысы Каирде ұсталды

Мысыр астанасында «Мұсылман бауырлар» ұйымының рухани ұстазы Мұхаммед Бадия ұсталды.

  • 20 Тамыз 2013
  • 389
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Ресей Жаңалықтар агенттігі хабарлады.

Жергілікті БАҚ-тардың мәліметтеріне сәйкес, ол Каир қаласының маңындағы күшейтілген режимдегі түрмеге жеткізілді.

Бұған дейін Мысырдың күш құрылымдары ұйымның жоғарғы тәлімгерінің бірқатар орынбасарларын — Хайрат аш-Шатыр мен Рашад аль-Байюмиді тұтқындаған болатын. Қозғалыстың басшылығына, сондай-ақ тақтан тайдырылған ел президентіне қатысты тыңшылық, зорлық-зомбылыққа азғыру және мемлекет экономикасына үлкен шығындар келтіру фактілері бойынша қылмыстық іс тергелуде.

Өткен аптада қақтығыстар барысында от жарақатынан Мұхаммед Бадияның ұлы — Омар аль-Бадия қаза болды. Ол «Мұсылман бауырлар» қозғалысының әскерилерге қарсы қақтығысына қатысқан болатын.


Еске салайық, Мысыр президенті Мұхаммед Мурси мысырлық әскерилермен оның басқарушылығына қарсы көпшіліктің наразылық көтерілістері барысында 3 шілде күні тақтан тайдырылды.