Музей мен университет: білім мен тәжірибені ұштастырған әріптестік - kaz.caravan.kz
  • $ 441.88
  • € 503.61
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
 Музей мен университет: білім мен тәжірибені ұштастырған әріптестік

 Музей мен университет: білім мен тәжірибені ұштастырған әріптестік

 Музей мен университет: білім мен тәжірибені ұштастырған әріптестік

  • 18 Қыркүйек
  • 2
Фото: fnn.kz

16 қыркүйекте Тұңғыш Президент Музейі мен Қ.Құлажанов атындағы Қазақ технология және бизнес университеті арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

Фото: fnn.kz

Музей мен университет арасындағы серіктестік кәсіби диалог орнатуға, тәжірибе алмасуға және аудиториямен өзара іс-қимылдың заманауи тәсілдерін іздестіруге жаңа мүмкіндіктер ашады. Ынтымақтастықтың негізгі бағыттарының бірі – жастарды музей өміріне белсенді тарту және олардың мәдени-ағартушылық әрі білім беру жобаларына қатысуына жағдай жасау.

Фото: fnn.kz

Университетпен өзара іс-қимыл Музейдің білім беру бағытын одан әрі дамытуға, сондай-ақ туризм, сервис, мәдениет және коммуникация салаларындағы болашақ мамандармен байланысты нығайтуға да мүмкіндік береді. Студенттер көрме, экскурсиялық, волонтерлік және мәдени-ағартушылық жобаларға қатысып, музей жұмысының ішкі үдерістерімен танысып, практикалық тәжірибе жинақтай алады.

Фото: fnn.kz

Музей үшін жас аудиториямен мұндай диалогтың маңызы зор: ол қалыптасқан жұмыс форматтарына жаңаша көзқараспен қарауға, заманауи сұраныстарды тереңірек түсінуге және мәдени мұра туралы айтудың жаңа тәсілдерін табуға мүмкіндік береді.

Фото: fnn.kz