Мьянмада шахта жыныстарының ығысуы салдарынан 50 адам опат болды
![]() |
Мьянманың солтүстігіндегі Качин штатындағы нефирит шахтасы жыныстарының ығысуы салдарынан кем дегенде 50 адам қаза тапты, деп хабарлайды Би-би-си оқиға куәгерлеріне сілтеме жасап. |
Качин штатында сапасы өте жоғары нефрит өндірілуде, алайда шахталарда осындай оқиғалар жиі орын алып отырады.
Қаза тапқандардың көбі шахталарда тасталатын қалдықтардың арасынан асыл тастардың бөліктерін іздейтін кедейлер болған.
Сондай-ақ ығысу салдарынан жергілікті тұрғындардың бірнеше ондаған лашықтары бұзылғаны хабарланып отыр.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін