Жарияланды: 500

Мыңдаған тасбақаны контрабандалық жолмен Ресей асырмақ болған азамат қолға түсті

Талас өңірін мекендеген бір жарым мыңға жуық тасбақаны  контрабандалық жолмен  Ресей асырмақ болған азамат қолға түсті. Қосмекенділерді сауда қылып, пайда тапқысы келген Тараз тұрғыны Шығыс Қазақстан облысының көрші елмен шекаралас аймағында ұсталды. Ол қазір қамауда отыр.  

Ал кеденшілер тәркілеген тасбақаларды шығысқазақстандық қоғамдық ұйым белсенділері Жамбыл облысына пойызбен жеткізді. Осылайша 1000-ға жуық жәндік аман-есен еркіндікке жіберілді. Қалған 500-дей тасбақа Шығыс жақтың климатына  шыдамай, қырылып қалған. Мамандардың айтуынша, елімізде бір тасбақаның құны мың теңгеге бағаланады екен. Ал Ресейде оның бағасы екі-үш есе қымбат; ол жақта тасбақа еті мейрамханаларда үлкен сұранысқа ие.   

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін