Мыңға жуық тасбақаны шекарадан Қазақстан аумағына заңсыз өткізбек болған
![]() |
Биыл мамыр айында Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің «Оңтүстік» өңірлік басқармасына қарасты |
Сарыағаш шекара отрядының «Қапланбек» бекетіндегі шекара наряды Өзбекстан Республикасынан еліміздің аумағына өтпек болған Daewoo «Матиз» автокөлігінен 2000 тасбақаны тауып, тәркілегендігі туралы хабарланған болатын.
2015 жылдың 10 тамызында, яғни бүгін, таңғы 7 шамасында тағы да Сарыағаш шекара отрядының «Сарыағаш» шекаралық бақылау (теміржол) бөлімінде «Келес-Сарыағаш» (Өзбекстан-Қазақстан) бағытындағы №52663754 пойызының жабық вагонынан «Император» атты ізшіл иттің көмегімен заңсыз тасымалданбақ болған 5 қап, жалпы саны 989 дана тасбақа, салмағы 130 кг болатын 7 қап түсті металл (мыс) анықталды.
Бұл туралы ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі хабарлады.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін