Жарияланды: 410

Мыстың бір тоннасының бағасы $2800 - $3200 аралығында болған жағдайда "Қазақмыс" кәсіпорындары жұмысшыларды қысқартпайды - Ким

Астана. 21 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Мыстың бір тоннасының бағасы $2800 - $3200 аралығында болған жағдайда "Қазақмыс" кәсіпорындары жұмысшыларды қысқартпай жан сақтай алады. Бұл туралы бүгін Астанада Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өтіп жатқан ұлттық инвесторлар кеңесінің тұрақтандыру шараларын жүзеге асыру және елдегі дағдарысты ахуалды еңсеру бойынша мемлекет пен бизнестің ықпалдастығы мәселелеріне арналған отырысы

барысында "Қазақмыс" корпорациясы" АҚ президенті Владимир Ким мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі. "Мыстың нарықтағы бағасына тоқталсақ, ең жоғары баға бір тоннасына $8400 болған, қазір ол $3500 құрап отыр, яғни, біздің компанияның кірісі 2,5 есе азайып отыр", - деді ол. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін