Мысыр басшылығы "Мұсылман-бауырлар" ұйымын террористік ұйым деп жариялады - kaz.caravan.kz
  • $ 467.41
  • 533.88
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мысыр басшылығы "Мұсылман-бауырлар" ұйымын террористік ұйым деп жариялады

Мысыр басшылығы "Мұсылман-бауырлар" ұйымын террористік ұйым деп жариялады

Мысыр үкіметі исламшылардың "Мұсылман-бауырлар" қозғалысын террористік ұйым ретінде жариялады, деп хабарлады сәрсенбіде Би-би-си.

  • 26 Желтоқсан 2013
  • 614
Фото - Caravan.kz

"Министрлер кабинеті "Мұсылман-бауырлар" қозғалысын террористік ұйым деп санайды", делінген үкіметтің мәлімдемесінде.

Министрлердің айтуынша, ұйым құрамына енген, оны қаржыландырған және қызметін насихаттаған кез-келген тұлға жазаланады.

Мысыр үкіметі ұйым мүшелеріне қызметтің кез-келген түрлерін жүзеге асыруға, оның ішінде шеруге шығуға тыйым салды.

Мұндай мәлімдеме жасауға сейсенбіде Дакахлии провинциясына қарасты Эль-Мансур қаласында қауіпсіздік күштері басқармасы ғимаратының жанында жарылыстың болғандығы себеп болды, онда 15 адам қаза болып,100 адам жарақат алды.

Билік жарылысты "террористік акті ретінде бағалады.


2013 жылы шілде айында тақтан тайдырылған президент Мұхаммед Мурси "Мұсылман-бауырлар" қозғалысынан шыққан болатын.