Мысырда әлі де 150 отандасымыз қалды, олардың дені - студенттер - kaz.caravan.kz
  • $ 467.65
  • 533.26
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мысырда әлі де 150 отандасымыз қалды, олардың дені - студенттер

Мысырда әлі де 150 отандасымыз қалды, олардың дені - студенттер

Қазақстанның Мысырдағы елшілігі елдегі жағдайды мұқият бақылап отыр және қажет болған жағдайда ондағы жерлестерімізге көмектесуге дайын. Бұл туралы СІМ баспасөз хатшысы Нұржан Айтмаханов мәлім етті.
           «Біз Мысырдағы жағдайға алаңдаулымыз. Мысырдағы елшілігіміз сол жерде жүрген отандастарымызбен үзбей хабарласып тұрады. Консулдық тіркеуге тұрған 500 адамның 150-і қазіргі сәтте Мысыр аумағында жүр. Оның 136-сы студенттер», - деді ол арнайы брифингте.
           Каирде 120-дан астам қазақстандық азамат тұрады, деп қосты ол.
           «Елшілік оларды мұқият бақылап отыр. Олар негізінен сол жақта білім алып жатқан студенттеріміз. Оларға жағдайды түсіндіріп, адамдар көп шоғырланған жерлерден аулақ жүруге кеңес берілді. Министрлік пен елшілік жағдайды бақылап отыр және қажет болған жағдайда азаматтарымызға көмектесуге барымызды саламыз», - деді Н.Айтмаханов.
           Мысырда соңғы қақтығыстар кезінде 500-ден астам адам мерт болған.

  • 20 Тамыз 2013
  • 433
Фото - Caravan.kz

Қазақстанның Мысырдағы елшілігі елдегі жағдайды мұқият бақылап отыр және қажет болған жағдайда ондағы жерлестерімізге көмектесуге дайын. Бұл туралы СІМ баспасөз хатшысы Нұржан Айтмаханов мәлім етті.


           «Біз Мысырдағы жағдайға алаңдаулымыз. Мысырдағы елшілігіміз сол жерде жүрген отандастарымызбен үзбей хабарласып тұрады. Консулдық тіркеуге тұрған 500 адамның 150-і қазіргі сәтте Мысыр аумағында жүр. Оның 136-сы студенттер», — деді ол арнайы брифингте.
           Каирде 120-дан астам қазақстандық азамат тұрады, деп қосты ол.
           «Елшілік оларды мұқият бақылап отыр. Олар негізінен сол жақта білім алып жатқан студенттеріміз. Оларға жағдайды түсіндіріп, адамдар көп шоғырланған жерлерден аулақ жүруге кеңес берілді. Министрлік пен елшілік жағдайды бақылап отыр және қажет болған жағдайда азаматтарымызға көмектесуге барымызды саламыз», — деді Н.Айтмаханов.
           Мысырда соңғы қақтығыстар кезінде 500-ден астам адам мерт болған.