Мысырда бас прокурор қастандық құрбаны болды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мысырда бас прокурор қастандық құрбаны болды

Мысырда бас прокурор қастандық құрбаны болды

Белгісіз біреу Каирде Мысырдың бас прокуроры Хишама Баракатқа шабуыл жасады.

  • 30 Маусым 2015
  • 245
Фото - Caravan.kz


Рейтер агенттігінің ақпаратынша, лаңкес жарылғыш зат қойылған көлікпен бас прокурордың автомобиліне соғылған. Баракат аман, алайда жарақат алған.

Өзге ақпарат көздерінде жарылғыш зат көлік өткен жерге қойылғаны туралы айтылады. Кей деректерге сүйенсек, прокурордың мұрны сынып, иығы шығып кеткен.  

Бас прокурорға шабуыл оның үйінің маңында жасалды. Бұл қылмысқа жауапкершілікті  "Народное сопротивление Гизы" тобы өз мойнына алды.
Соңғы мәліметтер бойынша, Фрнас Преске берген сұхбатында елдің әділет министрі Ахмед Зинд бас прокурордың алған жарақаттардан қаза тапқанын айтқан, деп жазады Би-би-си.