Мысырда екі кеме соқтығысып, 18 адам қаза тапты (ФОТО) - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мысырда екі кеме соқтығысып, 18 адам қаза тапты (ФОТО)

Мысырда екі кеме соқтығысып, 18 адам қаза тапты (ФОТО)

Ніл өзенінде екі кеменің соқтығысуынан 18 адам қаза тапты, деп хабарлады Мысыр билігі.

  • 24 Шiлде 2015
  • 310
Фото - Caravan.kz


Елдің денсаулық сақтау министрлігінің өкілі хабарлағандай,  бортында 40-қа жуық адам болған круиз катері құрғақ жүк таситын кемемен соқтығысқан, деп хабарлады Би-Би-Си.

Қазіргі уақытта 18 адамның мәйіті табылды, бес адам құтқарылды, қалғаны әзірге жоғалған деп есептеледі.

Полиция құрғақ жүк таситын кеменің капитаны мен оның көмекшісін мәселенің мән-жайын білгенше қамауға алды.

null null null null