Мысырдағы лаңкестіктерге байланысты қазақстандықтарға кеңес берілді - kaz.caravan.kz
  • $ 467.98
  • 533.87
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
9 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мысырдағы лаңкестіктерге байланысты қазақстандықтарға  кеңес берілді

Мысырдағы лаңкестіктерге байланысты қазақстандықтарға кеңес берілді

Қазақстандықтарға Мысардағы лаңкестік актілерге байланысты сол елдегі демалыс аймақтарынан алшақ кетпеуге кеңес берілді.

  • 27 Қаңтар 2014
  • 297
Фото - Caravan.kz


«ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Туризм индустриясы комитеті Мысырдағы демалушы қазақстандықтарға аса сақ болып, демалыс аймақтарынан алысқа кетпей, лаңкестік және криминалдық жағдай сақталған ірі қалалар мен аудандарға бармаған жөн деп тағы бір ескертеді», — деп жазылған Комитеттің хабарламасында.
Әлемдік ақпарат агенттіктерінің хабарлауынша, 24 қаңтар күні Мысыр астанасы мен Каирға жақын маңдағы аудандарда бірнеше лаңкестік актілер орын алды. Салдарынан бірнеше адам қаза болып, ондаған адам жараланды. Қолда бар ақпаратқа қарағанда, жарылыстардың салдарынан қаза болғандардың арасында қазақстандықтар жоқ.