"Нағыз ұстаз": Балабақша тәрбиешісінің биі түсірілген видео Қазнетте кеңінен тарады - kaz.caravan.kz
  • $ 474.47
  • 541.37
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
3 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Нағыз ұстаз": Балабақша тәрбиешісінің биі түсірілген видео Қазнетте кеңінен тарады

"Нағыз ұстаз": Балабақша тәрбиешісінің биі түсірілген видео Қазнетте кеңінен тарады

Балабақша концертінде беріле билеген тәрбиешінің видеосы Қазнетте кеңінен таралып жатыр.

  • 24 Желтоқсан 2018
  • 172
Фото - Caravan.kz

Желі қолданушыларының ойынша, бұл шәкірттеріне биді көрсетіп тұрған хореограф, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Instagram желісінде бұл видео бірнеше сағаттың ішінде жүз мыңдай көрілім мен жүзден аса пікір жинады.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

A post shared by Казаxстан | НОВОСТИ ДНЯ 24/7 (@today_kz) on

Желі қолданушыларының айтуынша, билеген әйел өнер көрсеткен балалардың тәрбиешісі және оны шараға берілгендігімен мақтады.

"Жарайсыз! Мұғалімдерді қадірлеу керек қой…", — деп жазды пікір қалдырғандардың бірі.

"Күлкілі де шығар, бірақ ол осындай жағдайда өзін емес, балаларды ойлап тұр", — деп пікір қалдырды желі қолданушысы.

"Өте керемет ұстаз, өз шəкіртіне адал ниетін көрсетіп жатыр", — деп өз пікірін білдірді желі тұтынушылары.

Интернет қолданушыларының жартысы видео авторын кінәлады.

"Біздің де балабақшада апайлар осылай билейді, бірақ ешқайсын да таспаға түсіріп, желіге салуды ойламайды", — деп наразылығын білдірді Instagram қолданушысы.